Мен жүзімді көктер мен жерді жоқтанбар еткен Заттың ғана жолына бұрдым,әрі мен Оған серік қосушылардан емеспін.Шынында, намазым, құрбандығым,өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Алла үшін,Оның серігі жоқ,осыған бұйырылдым және мен мұсылмандарданмын.Уа Алла, Сен — Патшасың, Сенен басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ.Сен — менің Раббымсың, ал мен Сенің құлыңмын,өз жаныма зұлымдық жасадым және күнәмді мойындадым,сондықтан барлық күнәларымды кешір,өйткені күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді.Мені ең жақсы мінез-құлыққа бағытта,өйткені оған Сенен басқа ешкім бағыттай алмайды,және мені ең жаман мінез-құлықтан құтқар,өйткені одан Сенен басқа ешкім құтқара алмайды.Міне, шақыруыңа жауап беріп, қызметіңе дайынмын.Бүкіл игілік Сенің қолыңда, ал жамандық Сенен шықпайды.Мен Сенің қалауыңмен барман және Саған ораламын.Сен берекелі әрі Жоғарысың,Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін.Алла ешбір игілігі, пайдасы,даналығы немесе мейірімі жоқ таза жамандықты жаратпайды,және ешкімді күнә жасамай тұрып жазаламайды.Бір нәрсе жаратылуы жағынан белгілібір көзқараспен қарағанда жақсы болып,сонымен бірге басқаша қарағанда жаман болуы мүмкін.Алла шайтанды жаратты және сол арқылы құлдарын сынайды,сондықтан шайтанды жек көретіндер,онымен және оның жолымен күресетіндер,оған және оның ізбасарларына қас болатындар бар,ал шайтанмен одақтасып,оның ізімен жүретіндер де бар.Сонымен,жамандық Оның жаратылыстарында Оның қалауы мен даналығымен бар,ал Оның істерінде немесе жаратуында емес.